Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы пәтерлердің бірінен Ресей Федерациясының 50 жастағы азаматының бөлшектелген денесі табылғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға шаһардың Әуезов ауданында болған.
«Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.