09.10.2024, 10:20

Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты

Фото: t.me/prokadrykz

Ұлытау облысының әкімі қызметінен кетті.

 

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Берік Әбдіғалиұлы (18 қыркүйек 1971 жыл, Ұлытау ауданы) — қазақстандық мемлекет қайраткері, саясаттанушы, саяси ғылымдарының кандидаты, 2022 жылғы 11 маусымдан Ұлытау облысының тұңғыш әкімі.

Әкім лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Мәжілісі VI шақырылымының депутаты және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.