15.10.2024, 13:20

Елімізге Армения Президенті ресми сапармен келді

Фото: Ақорда

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.