Айтуынша, кез келген шешімді жақтайтындар да, оған қарсы тараптар да болады.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Негізінен алғанда, шешімді қабылдаудың белгілі бір регламенті бар. Үкімет қандай да бір шешімдер қабылдаған кезде әрдайым референдум өткізуі тиісті емес. Ол үшін алқалы орган бар. Бұл жағдайға келсек, шешім қабылдар алдында қажетті зерттеулер жүргізілді. Шешім белгіленген тәртіпке сәйкес қабылданды. Одан кейін регламент шеңберінде петиция пайда болды, петиция қаралып, түпкілікті шешім қабылданды. Регламент бұзылған жоқ", - деді Серік Жұманғарин тілшілердің сауалына берген жауабында.
Айтуынша, кез келген шешімді жақтайтындар да, оған қарсы тараптар да болады.
"Қазір бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы адамдар да бар. Олардың көбі айтқан дүниелер расталмай жатады. Мәселен, денсаулыққа кері әсері бары, электр энергиясын тұтыну көлемі артып жатқаны. Ерте тұру қажеттігі, кеш ерте бататыны да айтылады", - деді Премьер-министрдің орынбасары.