26.10.2024, 16:30

Президент Тоқаев Аустрияның Ұлттық күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.