$ 495.2  522.34  4.94

Төрт баласы өрттен қаза тапқан әйел үйді кезек бойынша алады – Жеңіс Қасымбек

Оның айтуынша, бұл отбасымен бірге сол өртенген үйді жалдап тұрған екінші отбасыға уақытша тұратын жатақхана берілген.

Фото: скриншот
Фото: скриншот

2024 жылдың 17 қарашасында Астанада жалдамалы коттедже тұрған жалғыз басты ананың төрт баласы сол үйдегі өрттен қаза тапқан еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл мәселе (баспана беру мәселесі - ред.) көтерілген жоқ. Менің білгенім, бұл отбасы қазір үй кезегінде тұр. Кезек бойынша келесі жылы кезектері келіп қалар. Олар көп балалы отбасы санатымен кезекке тұрған. Сол кезекте қалады. Заң бойынша, балалары өлсе де кезегі қала береді», - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, бұл отбасымен бірге сол өртенген үйді жалдап тұрған екінші отбасыға уақытша тұратын жатақхана берілген.

«Бұл отбасымен ары қарай қосымша жұмыс істейміз. Екі отбасы бірге бір коттеджді жалдап тұрған», - деді Жеңіс Қасымбек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары