$ 524.58  551.91  4.93

«Өмірдің рахатын енді көріп жатырмын»: Жазира Байырбекова басынан қиын кезеңдер өткенін айтты

Өнер иесінің сөзінше, тұңғышы Қазбектің кішкентай кезінде ойыншық сатып алуға қаражат болмаған.

Видеодан кадр: youtube.com/@momskiy_angime
Видеодан кадр: youtube.com/@momskiy_angime

Әнші Жазира Байырбекова жас кезінде басынан өткен оқиғаларын әңгімелеп, отбасылық өмірінің алғашқы жылдары туралы естелігін баяндады. Бұл туралы өнер иесі Мамский әңгіме жобасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сұқбатта әнші 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрып, ененің қатал тәрбиесінен өткенін әңгімелеп берді.

"Ауылда жүрген кезде бәріне көніп жүрдім. Жұмыссыз болдық бәріміз. "Жанболат пен Жазира мал бақтыратын шығармыз" деді. Үлкендер не айтса солай болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім", - деп еске алды әнші сұқбатта.

Өнер иесінің сөзінше, тұңғышы Қазбектің кішкентай кезінде ойыншық сатып алуға қаражат болмаған.

"Қазбек мектепте оқып жүргенде айтамын. Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін еді. Сондықтан "мұндай жерде тұрмас едім, деп айтуға болмайды" деймін. Менің кез келген жерде тұруым мүмкін еді. Адам ешқашан "олай етпес едім, мұндай тұрмас едім" деп айтуға болмайды... Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, "сенің өмірің мынау деп көрсеткендей" болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің өмірдің бақытын, рахатын енді көріп бастаған сияқтымын", - дейді әнші Жазира Байырбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары