Адами қарым-қатынасты талап етеміз.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев AZAL ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі адамдардың жазалануын талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.
"Әзербайжан азаматтарының осы апатта қаза тапқанына Ресей Федерациясының өкілдері жауапты деп сеніммен айта аламын. Біз әділдікті, кінәлілердің жазалануын, толық ашықтық пен адами қарым-қатынасты талап етеміз", – деді Әзербайжан президенті.
Басылымның жазуынша, бұл туралы Ильхам Әлиев ұшақ апатынан қаза тапқан экипаждың отбасы мүшелерімен және аман қалған бортсеріктермен кездесу барысында айтқан.
Әлиев қара жәшіктер туралы айта келе, жақын арада алдын ала нәтиже шығатынын жеткізді.