Оқушының әнді орындау мәнері мен әрекеттеріне таңдана қараған ересектердің реакциясы жұртты күлкіге қарық қылды.
Желіде атасына заманауи стильде ән орындап берген балақай хит болды. Көпшілік видеоны Қырғызстанда түсірілген деп топшылауда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған бейнежазбадан балақайдың үй ауласында атасына Bakr атты орындаушының "Ойлорумда" әнін айтып бергенін аңғаруға болады. Көпшілік видео Қырғызстанда түсірілді деп болжап отыр.
Оқушының әнді орындау мәнері мен әрекеттеріне таңдана қараған ересектердің реакциясы жұртты күлкіге қарық қылды. Олар балақайдың талантына тамсанғанын жасырған жоқ.
"Нағыз талант", "Болашақ актер", "Өзі мәз болып тұр", "Дұрыс, қайтпа", "Жарайсың", "Аталары мәз, аузы ашылып отыр ғой", "Керемет" , - деп жазды олар.