22.01.2025, 15:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты

Фото: Ақорда

Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және  өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.