09.03.2025, 17:30

«Екінші рет дүниеге келдім»: Алматы әуежайында кепілге алынған қыз жан сырын ақтарды

Фото: Qaz365.kz

Менің құтқарушым!

Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында құтқарушысымен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

«Менің құтқарушым! Екінші рет өмірге келуіме Мұса ағам себепкер», – деп жазды 23 жасар Ботагөз Мұхтарова.

Сондай-ақ, Мұса Әбдірайым қыздың әкесімен хабарласып, қонаққа шақырғанын айтты.

"Оқиғадан кейін келесі күні қыздың әкесі маған хабарласып, алғыс білдірді және үйіне қонаққа шақырды. Мен үшін ең бастысы – құтқарған адамның жағдайын білу. Сол себепті шақыруды қабыл алып, олардың отбасымен жүздестім. Мені жылы қарсы алды, Ботагөздің хәлі жақсы, кішкентай қызы бар екен", – деді Мұса Әбдірайым.