28.03.2025, 16:20

Ертең Алматыда Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан ары нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр. 

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.