14.04.2025, 15:50

Еңбек демалысы ақысын қалай есептейді

Фото: Pixabay

Еңбек Министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы – ресми жұмыс істейтін әрбір қызметкердің заңды құқығы. Алайда еңбек демалысына шыққанда қанша ақша төленеді? Ол қалай есептеледі? Skifnews.kz ақпараттық порталы осы сұрақтардың жауабын іздеді.

1. Демалыс күндері қалай есептеледі?

Еңбек демалысы тек жұмыс күндерімен есептеледі. Егер демалыс күндері мемлекеттік мерекеге сәйкес келсе – ол күндер қосымша демалыс ретінде беріледі, бірақ ақы төленбейді.

2. Қанша ақша төленеді?

Жалақы орташа күндік табысқа қарай есептеледі. Яғни: Орташа күндік табыс = Жыл бойғы жалпы жалақы ÷ нақты жұмыс істеген күндер саны Содан кейін: Орташа күндік табыс × еңбек демалысындағы жұмыс күндері саны = төленетін сома.

3. Қашан төленуі тиіс?

Егер еңбек демалысы алдын ала келісілген кесте бойынша болса — төлем демалыс басталғанға дейін 3 күн бұрын берілуі тиіс. Егер кестеден тыс, күтпеген жағдайда демалысқа шықсаңыз — төлем демалыс басталған күннен бастап 3 күн ішінде беріледі.