$ 515.03  584.82  6.24

«Келінімізді араластырмаңдар»: Берденовті атқан жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

"Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз".

Фото: qaz365
Фото: qaz365

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиевтің ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті қазақстандықтар, Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Біздің отбасымыздың атынан 21 сәуір күні орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сіздерге үндеу жолдауды жөн көрдім.

Ата-ана үшін бұл жағдай — нағыз ауыр соққы болды. Бүгінге дейін ұлымыз Ернардың осындай қиын жағдайдың ортасында қалғанына сене алмай отырмыз.

Осы оқиғаға байланысты шын жүректен өкінішімізді білдіреміз. Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Біз тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім артамыз. Баршаңызды сабырға шақырып, нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз.

Ең бастысы – бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз. Ол Руслан Берденовті бұрын-соңды көрмеген де, танымайды да.

Осы қиын күндері қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Алда бізді ауыр кезең күтіп тұр, дегенмен әділдік пен адамгершілік жеңеді деп үміттенеміз», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары