09.05.2025, 15:30

Тоқаев Мәскеудегі парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті

Фото: видеодан скрин

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-бригадасының жауынгерлері қатысты.    

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

Айта кетейік, бүгін Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығына арналған парад өтіп жатыр.

Салтанатты шараға Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Мьянма, Моңғолия, Лаос, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Мысыр, Вьетнам, Беларусь және Әзірбайжан елдерінен де әскерилер сап түзеп өтеді. 

Жеңістің 80 жылдығына орай Қызыл алаңда өтіп жатқан парадты орталық стендтен құрметті меймандар тамашалап отыр. Олардың арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Жалпы шараға 29 шет мемлекеттердің көшбасшылары шақырылған.

Парадқа Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов басшылық етуде.