Тойда айтыскер ақындар жырдан шашу шашты.
Қазақ күресінен "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев 40 жасқа толды. Ол өз мерейтойын туған жері - Таразда дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл айтулы шараға оның отбасы мен туған-туыстарынан бастап, күрес аренасындағы үзеңгілес серіктері мен жақын достары да арнайы келген. Танымал спортшының мерейтойлық кешінде еліміздің әр өңірінен келген белгілі спортшылар мен бапкерлер де жинады.
Тойда айтыскер ақындар жырдан шашу шашты.
Бұл тойға Бейбіт Ыстыбаевпен 2016 жылы "Қазақстан Барысы" турнирінің финалында күрескен балуан Жұманазар Ерсұлтан да арнайы келіп, өзінің бұрынғы қарсыласын ерекше құттықтады. Сол жылғы финалдық күрес – турнирдегі есте қаларлық белдесулерінің бірі саналады. Екі балуан да ерлік пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, көрермендердің есінде қалған еді.
Бейбіт Ыстыбаев 2012, 2015 және 2016 жылы "Қазақстан барысы" турнирінде топ жарды. Сондай-ақ, ол 2011 жылы күміс белбеу иегері атанған.
Айта кетсек, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалған болатын.