$ 540.05  629.16  6.65

Ақтөбеде жүргізуші әжесі мен немересін қағып кетті

Апат салдарынан екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Фото: Диапазон
Фото: Диапазон

3 қыркүйек күні сағат шамамен 18:10-да Ақтөбеде, Әлия Молдағұлова даңғылы бойында, «Алия» базары маңындағы үстi passage жанында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Lada-21901» автокөлігінің жүргізушісі Жұбановтар көшесі бағытына қарай қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерден жолдан өтпек болған 65 жастағы әжесі мен 9 жастағы немересін қағып кеткен.

Апат салдарынан екеуі де ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, әйел алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.

Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік құралы айыптұраққа қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары