$ 540.84  634.46  6.43

Зеленский Путинді Киевке шақырды

Мен террористің астанасына бармаймын дейді Зеленский.

Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинді Киевке келіп, келіссөз жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Зеленскийдің сөзінше, ол Мәскеуге бара алмайды, өйткені Украина күн сайын Ресейдің зымыран шабуылдарына ұшырап отыр.

«Мен террористің астанасына бара алмаймын. Ол өзі жақсы біледі», – деді Зеленский.

Бұған дейін, 5 қыркүйекте, Путин Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумында Киевпен келіссөз өткізу үшін ең қолайлы орын ретінде Мәскеуді атаған еді. Ол Зеленскийдің Ресейге келуіне «100 пайыз қауіпсіздік кепілдік берілетінін» мәлімдеген.

Зеленский бұл пікірге қарсы жауап беріп, Путинді Киевке шақырды. Оның айтуынша, Ресей президенті соғысты тоқтатқысы келмейді және АҚШ-пен «ойын ойнап отыр».

Айта кетсек, бұған дейін Австрия, Швейцария, Ватикан, Түркия және Парсы шығанағының үш елі тараптарды бейбіт келіссөз үшін қабылдауға дайын екенін білдірген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары