$ 540.84  634.46  6.43

Абсурд пен жалған: Министр Нұртілеу журналистерге жауап берді

Нұртілеу бизнесмен Гаджи Гаджиевпен «жақын достығы» туралы да сұрақ қойылды.

Фото: dknews.kz
Фото: dknews.kz

Астанада Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысына келген Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу залдағылардан ерекше назарға ілікті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталының тілшісі. 

Президенттің дәстүрлі Жолдауына қатысуға келген шенеунікті журналистер «жұлдыз» секілді қаумалап, сауалдарын қарша боратты. Өткен аптадағы «қамауға алынды» деген қауесетке байланысты министр: 

«Бұл – абсурд пен жалғандық! Бірақ ондай болады ғой, кейде адамдардың көктемде, күзде…», – деп қысқа қайырды.

Неге өзі ресми түрде жоққа шығармағаны туралы сұраққа: – «Кім келді? Кім менен сұрады? Мен жұмыста отырдым ғой», – деп жауап берді.

«Мен ешкіммен достаспадым»

Нұртілеу бизнесмен Гаджи Гаджиевпен «жақын достығы» туралы да сұрақ қойылды.

«Әрине, қазір Гаджиевті бәрі біледі, дезинформацияның арқасында. Бірақ мен ешкіммен достаспадым», – деді ол.

Көпшілік байқаған бір жайт – Нұртілеудің осы жолы журналистер алдында алғаш рет эмоция танытып, күлімсіреуі. Әдетте ресми және ұстамды келбетімен көрінетін министрдің бұл қадамы, тіпті, тілшілердің де назарын аудартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары