$ 541.18  636.05  6.52

«Қостанай облысына міндетті түрде барамын»: Тоқаев Арқалыққа қатысты мәлімдеме жасады

"Жоспарымда бар".

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы сапар аясында өткізіп жатқан жиынында биыл міндетті түрде Арқалыққа баратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақорда жазып отырғандай, президент бұның алдында да, биылғы Жолдауында да Торғай өңіріне көңіл бөлу керегін айтқан еді.

«Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек», - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары