Шоуды белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жүргізеді.
Қазақстандық шоу-бизнестің жұлдыздары – Баян Алагөзова, Мейрамбек Беспаев, Байғали Серкебаев, жас әнші Тұрар және Бағым Мұхитдинова – The Voice Қазақстан жобасының қазылар алқасына қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шоуды белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жүргізеді. Түсірілімнен кадрлармен қатысушылардың барлығы бөлісіп үлгерді. Продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында түсірілім алаңынан суреттер жариялады. Жобаның тұсаукесері биыл күзде «Хабар» арнасында өтпек.
Әнші Тұрар TikTok-тағы парақшасында тәжірибелі әртістердің ортасында өзін сәл ыңғайсыз сезінгенін және олардың беделі мысы басып тұрғанын жазды.
Алайда пікір білдірген желі қолданушыларының біразы жас әншіні қолдағанымен, Баян мен Бағымның жобаға қатысуына наразы болды.
– «Бағымның ол жерде несі бар?»
– «Баян мен Бағым тағы да таланттарды көлеңкеде қалдырады»
– «Бағым байқауда бәріне сын айтып отыратын шығар», – деп жазды оқырмандар.