18.09.2025, 18:00

«Астана бейбітшілік декларациясы – 2025» құжатында маңызды идеялар қамтылды - Президент

Фото: Ақорда

Осы орайда Президент геосаяси тұрақсыздық белең алған күрделі кезде мұның мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Cъезін қорытындылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

- Бірнеше күннен бері елордамызда түрлі мәдениет пен өркениет өкілдері бас қосып жатыр. Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екенін сөзсіз. Съездің қорытынды декларациясы - соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де - осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті. Шын мәнінде, салмақты және сындарды диалог - нағыз даналықтың көрінісі. Сіздер бүкіл әлемге көрегендік пен парасатталықтың үлгісін көрсетіп отырсыздар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент геосаяси тұрақсыздық белең алған күрделі кезде мұның мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін елордада әлемдік діндер көшбасшылары съезінің декларациясы қабылданды. 

Cъезд қатысушылар қабылдаған «Астана бейбітшілік декларациясы 2025» БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады.