$ 541.68  636.26  6.48

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.

Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары