$ 538.63  622.23  6.71

Трамп Зеленскиймен 17 қазанда кездесуі мүмкін

Трамп 17 қазанда Зеленскиймен кездесуге ниеті бар-жоғы туралы сұраққа жауап берді.

© AP Photo / Evan Vucci
© AP Photo / Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленскийді 17 қазанда Ақ үйде қабылдайтынын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Шарм-эль-Шейхтен Вашингтонға бет алған ұшақта журналистер алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Трамп 17 қазанда Зеленскиймен кездесуге ниеті бар-жоғы туралы сұраққа жауап берді.

— Менің ойымша, солай, — деді Ақ үй басшысы басқа ешқандай мәлімет бермей.

Сондай-ақ ол Украинаға америкалық «Tomahawk» зымырандарын жеткізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.

Бұған дейін британдық Financial Times газетінің журналисі X әлеуметтік желісінде Трамптың Зеленскиймен 17 қазанда Вашингтонда кездесуі мүмкін екенін жазған. Ол өткен демалыс күндері Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлескенін, әңгіме барысында олар Украинаға америкалық «Tomahawk» зымырандарын жеткізу мәселесін талқылағанын еске салды. Журналист сонымен қатар осы аптада украиналық делегацияның Вашингтонда америкалық әріптестерімен бірқатар келіссөздер өткізу жоспарланғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары