14.10.2025, 15:20

Тоқаев пен Путин екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан ынтымақтастықты сөз етті. Мемлекет басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытында бірлесіп атқарып жатқан үйлесімді жұмысын жоғары бағалады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін нақтылады.