22.01.2026, 17:20

Тоқаев Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған болатынбыз.