24.01.2026, 19:30

Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысын құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.