Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шегушіде жарақаттық шок дамыған.
Солтүстік Қазақстан облысының Кызылжар ауданындағы құс фабрикаларының бірінде қызмет барысында жұмысшының қолын өндірістік жабдық қысып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Qazaqstan Media мәліметінше, оқиға 22 ақпанда болған. Жабдықты жөндеу кезінде ер адамның қолы механикалық құрылғы, яғни станокқа тартылып кеткен. Салдарынан ол иық сүйегінің ашық сынуы түріндегі ауыр жарақат алған.
Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шегушіде жарақаттық шок дамыған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Ауыл тұрғыны шұғыл түрде көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.