$ 493.85  571.78  6.25

Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды.

Нахичеваньға Иран тарапынан жасалған соққыларды айыптап, Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық әрі одақтастық рухында біздің елімізге қолдау білдіргені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтамын, – деп жазды Әлиев.

Еске салайық, 5 наурыз күні Ираннан ұшырылған дрондар Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына құлаған. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі осы оқиға салдарынан әуежай ғимаратына зақым келгенін және бірнеше бейбіт тұрғынның зардап шеккенін мәлімдеген болатын.

Нахичевань қаласындағы әуежайға ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл жасауына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз ұстанымын білдірді. Ол бұл әрекетті «бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған акт» ретінде қатаң айыптады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Иранмен бірлесіп бұл оқиғаны мұқият тергеуге үміт білдірді. Сондай-ақ өңірдегі шиеленісті ушықтырмау үшін жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін атап өтті, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0