$ 493.85  571.78  6.25

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тарту шешімін құптайды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды. Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0