$ 473.13  554.08  6.13

Көкшетау қоқысқа тұншығып бара ма: тұрғындар дабыл қағып отыр

Бір ғана контейнер бірнеше көшенің қоқысын қабылдап, әбден толып кеткен.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Көкшетаудағы қарапайым тұрғын ауданның жағдайы жұртты алаңдата бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бір ғана контейнер бірнеше көшенің қоқысын қабылдап, әбден толып кеткен. Салдарынан тұрмыстық қалдықтар жан-жағына шашылып жатыр.

Күн жылынған сайын сасық иіс күшейіп, терезе ашу мүмкін болмай қалған. Жел тұрған кезде пакеттер аула ішінде ұшып жүреді.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде егеуқұйрық пен жәндіктер көбейген. Мәселе бір күндік емес, ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді.

Коммуналдық қызметтің жұмысына қатысты сұрақ көбейіп отыр.

Қала орталығына жақын аумақтың мұндай күйге түсуі – түсініксіз жағдай.

 

 

 

 

Видео: @neboldy_official

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0