Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.