$ 470.8  545.99  6.6

Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді

27-29 мамыр күндері Владимир Путин келеді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

 27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0