28.05.2026, 09:20

Тоқаев Әзербайжан Президентіне жеделхат жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.  

– Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.