05.06.2026, 17:40

Тоқаев Дания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дания королі X Фредерикке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады, деп нақтылайды 2026 жылы 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер: Ақорда