12.06.2026, 16:00

Amanat «Әділет» партиясына қосылатын болды

Фото: видеодан скрин

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ екі саяси күштің бірігу бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

Бүгін өтіп жатқан съезде Amanat партиясы мен Әділет партиясы арасындағы ықтимал бірігу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ екі саяси күштің бірігу бастамасын қолдайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл қадам қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ететін саяси ұйымдардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Депутат әр партияның өзіндік ұстанымы мен ерекшелігі бар екенін атап өтті. Соған қарамастан, ортақ мақсаттар төңірегінде күш біріктіру елдің саяси жүйесін дамытуға оң әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.

Еске салсақ, Әділет партиясы осы айдың басында ғана ресми тіркеуден өткен болатын. Партия өкілдері құрылған сәттен бастап мемлекеттік саясатты қолдайтындарын мәлімдеген еді.

Қазіргі уақытта съездегі талқылаулар жалғасуда. Бірігу туралы түпкілікті шешім кейінірек жариялануы мүмкін.