$ 488.59  564.37  6.79

Тоқаев Путинге жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

– Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0