Жарақат алғандардың қатарында 17 жастағы жасөспірім де бар.
Чикагода атыс болып, кем дегенде төрт адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға туралы ABC7 Chicagoполиция деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз екі адам қызыл түсті жол талғамайтын көлікпен көпшілік жиналған орынға жақындап, көлік терезелерінен оқ атқан. Оқиғадан кейін олар ізін суытқан.
Жарақат алғандардың қатарында 17 жастағы жасөспірім де бар. Барлық зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Кейбір науқастар бірнеше медициналық мекемеге бір уақытта қабылданған, бұл жараланғандар санының көп болуымен байланысты.
Полиция оқиға орнында қару тапқанын хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктілерді анықтау және ұстау жұмыстары жалғасуда.