24.06.2026, 20:30

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарадағы уағдаластықтарды іске асыруды талқылады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Мемлекет басшысы төмендегі заңдарға қол қойды: 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Айта кетейік, Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарадағы уағдаластықтарды іске асыруды талқылады.