$ 487.02  552.23  6.51

Президент: Биыл алғаш рет аймақ журналистеріне пәтер беріледі

Президенттің айтуынша, аға буын журналистер халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, жұртшылықты білім мен ғылымға үндеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ақордада өткен марапаттау рәсімінде аймақ тілшілеріне баспана берілетінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президенттің айтуынша, аға буын журналистер халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, жұртшылықты білім мен ғылымға үндеді.

– Олар халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, халықты білім мен ғылымға шақырды. Сіздер де аға буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келесіздер. Баршаңызға тағы да зор алғыс айтамын. Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Әсіресе, сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Жалпы, биылдың өзінде бүкіл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі. Бәріңізге құтты болсын деймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент биыл алғаш рет өңірлік БАҚ өкілдеріне де пәтер кілттері табысталатынын айтты. Оның сөзінше, жалпы еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкері баспанамен қамтылады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0