29.06.2026, 17:40

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Грузия премьер-министрін қарсы алды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақорданың мәліметінше, іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір біріне делегация мүшелерін таныстырды.

«Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.