$ 485.82  554.03  6.24

Президент: «Халықаралық ахуал күрделеніп барады, бірақ үрейге бой алдыруға болмайды»

Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында әлемдегі геосаяси және экономикалық жағдайдың күрделене түскеніне тоқталып, Үкіметке экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндетін жүктеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

«Халықаралық ахуал уақыт өткен сайын күрделеніп, құбылып, тұрақсыздық белең алғанын көріп, біліп отырсыздар. Бұл жағдай жаһандық экономикаға орасан зардабын тигізіп жатыр. Халықаралық валюта қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырлы агенттіктерінің болжамы бойынша алдағы екі жылда әлем қауымдастығы, соның ішінде жекелеген мемлекеттер экономикалық жоспарларын жүзеге асыру кезінде едәуір қиындыққа тап болуы мүмкін. Бірақ еңсені түсіріп, үрейге бой алдыруға болмайды. Үкімет елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін барынша белсенді және ширақ жұмыс істеуге тиіс. Инфляцияны тежеп, оны мейлінше төмен деңгейге жеткізген жөн, сондай-ақ экономиканың қарқынын төмендетпей, керісінше, оның көрсеткіштерін ұлғайту қажет.», – деді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0