Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
— Президент еліміз Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Конго Демократиялық Республикасының халқына құт-береке тіледі.