$ 480.72  548.07  6.14

Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.
 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

🇰🇿🇨🇦Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.
 
Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0