Тізімге 186 адам енді, олардың орташа жасы – 45.
Бүгін, 21 шілде күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тізімге 186 адам енді, олардың орташа жасы – 45.
Кандидаттардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық қызмет салаларының өкілдері бар.

Еске сала кетсек, "Әділет" партиясы 2026 жылы 1 маусымда ресми тіркеліп, кейін Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін жариялаған еді. 10 шілдеде өткен кезектен тыс III Съезде партия 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімді ұсынып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұл – партияның Парламент сайлауындағы алғашқы саяси додасы. Парламент сайлауы 23 тамызда өтеді.