Азаматтар әлемнің 64 елінде өз таңдауларын жасай алады.
23 шілде күні кешкі сағат 18:00-ден бастап Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат басталады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Бейсенбі күні саяси партия тізімін ұсыну, Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) тіркеу толық аяқталады. Ал кешке бәсекеге түсетін партиялар сайлауалды бағдарламасын жариялауға, БАҚ-та жарнама жасауға және сайлаушылармен кездесулер өткізуге рұқсат алады.
Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандат үшін 7 партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.
Олар:
Үгіт-насихат кезеңі 21 тамызға дейін жалғасады. 22 тамыз – тыныштық күні. Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.
Айта кетейік, құрылтай сайлауында 10 мың дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Құрылтай сайлауын өткізуге 71 мың адам жұмылдырылады. Олар сайлау комиссиясының құрамында қызмет етеді. Саяси науқанға 12,5 млн адам қатысып, дауыс беру құқығына ие болады. Сайлаушыларға 10 мың учаске қызмет көрсетеді. Оның 82-сі шет елдердегі бөлімшелер.
Азаматтар әлемнің 64 елінде өз таңдауларын жасай алады. Бір ерекшелігі – биылғы науқан жазғы демалыс маусымына сәйкес келіп тұр. Сол себепті азаматтар тұрғылықты жерінде, сондай-ақ уақытша барған орындарында дауыс бере алады.