$ 456.88  534.64  5.47

Құрылтай сайлауы: алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды

Бір палаталы Құрылтай сайлауының Еxit poll нәтижесі жарияланды.

Фото: Kazinform /ЖИ
Фото: Kazinform /ЖИ

Еуразиялық интеграция институты жүргізген Еxit poll қорытындысына сенсек, Мәжіліс сайлауына үміткер қосқан партиялар сайлаушылардың даусын былай бөліскен, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

1. «Әділет» партиясы – 71,8%,
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 6,4%,
3. Respublica партиясы – 5,4%,
4. Қазақстан халық партиясы – 3%,
5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 5,1%,
6.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,2%,
7. «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,

«Бәріне қарсымын» бағаны – 2,1%.

Сауалнамаға 30 мың сайлаушы қатысқан.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, тұңғыш Құрылтай сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берген.

Сағат 20.41-дегі мәліметке сүйенсек, Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берген. 

Сонымен қатар, "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" жеке қоры Zakon.kz тапсырысы бойынша 2026 жылғы 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өткен күні, 200 сайлау учаскесінен шыққан азаматтар арасында "exit poll" әдісімен сауалнама жүргізіп, сайлаушылар таңдауының алдын ала нәтижелерін анықтады.

Зерттеу нәтижелері:

  • "Әділет" партиясы – 70,7%;
  • "Ауыл" партиясы – 6,4%;
  • Respublica партиясы – 5,5%;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,4%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – 5,0%;
  • Қазақстан Халық партиясы – 3,2%;
  • "Байтақ" жасылдар партиясы – 1,2%;
  • "Бәріне қарсымын" – 2,6%;

Зерттеу деректерінің социологиялық қателік шегі – ±1,5%.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#сайлау