$ 456.88  534.64  5.47

Қостанайда келіншек қайын әпкелерінен зорлық көргенін айтып, полицияға арызданды

Human Rights Lawyers қоғамдық қорының мәліметінше, әйел өзін бір емес, бірнеше қайын әпкесі ұрып-соғатынын айтқан.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қостанайда келіншек күйеуінің туыстарынан бірнеше рет зорлық-зомбылық көргенін айтып, заңгерлерден көмек сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Human Rights Lawyers қоғамдық қорының мәліметінше, әйел өзін бір емес, бірнеше қайын әпкесі ұрып-соғатынын айтқан.

Оның сөзінше, бұған дейін де полицияға хабарласып, арыз жазуға әрекеттенгенімен, тиісті көмек ала алмаған. Соңғы жанжал келіншектің жуылған киімдерді үйінің алдына жайып қойғанынан кейін шыққан: туыстары келіп, үйдің терезесін сындырғаны айтылады. Оқиғадан кейін әйелге заңгерлік көмек көрсетіліп, полицияға арыз берілген.

Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауы тиіс.

Видео: @human_rights_lawyers_

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0