Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, Президент реформалары азаматтардың жоғары қолдауына ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы Сербия Президентіне ризашылығын білдіріп, елімізде қолға алынған ішкі саяси өзгерістер жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар Қазақстанның саяси жүйесіндегі ауқымды трансформацияның тарихи мәніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.
Тараптар екіжақты серіктестіктің орнықты динамикасына көңіл толатынын айтып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге мүдделі екендерін жеткізді.