11.09.2026, 09:20

Тоқаев Қазақстанның Грузиядағы елшісін тағайындады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.